Қоғам дегенің – темір тор – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Қоғам дегенің – темір тор» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 5664
Қоғам дегенің – темір тор,
темірдің тілін таппадым.
Аспаным – алау, жерім – сор,
серкесіз отар – баққаным.
Мықтылармен тор бағар
жұғыса алмадым – жақпадым.
Билігін сатып қорғалар
астындағы ағаш тақтарын.
Қаншама заман жалғасты
үмітті қуып көз ілмей.
Бәрібір күйім алғашқы
қауымдық қоғам кезіндей.
Жылқы ішінде де жорғаң кем,
жылтырағанмен сырты құр.
Бөріктері басқа болғанмен
патша атаулының құлқы бір.
Болжайтын жан жоқ жолды алғы,
жүрегі сыздап жер-жайға.
Талқандап темір торларды
ел қамын ойлар ер қайда?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері