Бұл бетте «Екі түрлі сапар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Мекеменің белгілі
Қызметкері елге бара қалғаны,
Бірақ, оны ешкім қарсы алмады.
Елемеді ел мұны,
Сәлемші де болмады,
Еш үйге де қонбады.
Елде екі-үш күн жүріп,
Шаруасын тындырып,
Әлгі қонақ қайтып кетті елеусіз,
Қошеметсіз, демеусіз.
Екінші рет қайта барды сол адам:
Алды-артын ораған
Күтіп алды он адам.
Қабынып та сүрініп,
Жүрді бәрі жүгіріп.
Бірі сүртіп етігін,
Бірі шешіп белдігін,
Дастарқанда жайнатты арақ-шарабын.
Қаумалай кеп отырып,
Ішіп-жеуін өтініп,
Ыржалақтап өтірік,
Бақты бәрі қонақтың қас-қабағын...
Сол қонағы қайтарда
(Сөз жетпейді айтарға),
Кейбіреулер дірдектеп,
Жалай жаздап құйрығын,
Қалтасына тығып түрлі сыйлығын,
Шығарып салды құрметтеп.
* * *
Өйткені, ол бірінші рет жай барған,
Сондықтан да, ескерусіз жай қалған.
Екінші рет барғанда,
Жоғарыдан ауданға:
«Кәдімгідей қомақты
Күтіңдер, – деп, – қонақты»,
Бір телефон соғылған,
Жағымпаздар тоғылған –
Бассыздық бұл не қылған?
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі