Ерлікке тағзым
Соғыс дəмін сезінбеген пендемін,
Соғыс жайлы өлеңнен ой өргенім.
Бауыржандай батыр болсын ұлдарың,
Əлиядай ұшқыр болсын мергенің.
Шыбын жаның қиып кеткен біздер үшін,
Отаным деп жалын атқан көздері шын.
Аталарым өр Алашқа нағыз батыр
Қазақ үшін жалын отқа төзгені үшін.
Мен естідім,
Соғыс шіркін, қайғы-мұңға салғаның,
Аналардың айқайлаған зарларың.
Соғыс-тарих, мен тарихтан оқыдым
Талай-талай адамдардың арманың,
Сол адамдар сұм соғысқа барғаның,
Ажал жалмап, өмірлерін алғаның.
Сол адамдар-
Туған жердің ұлы батыры атанып,
Мен білемін, аңыз болып қалғаның.
Жас ұрпақтар ерліктерін мақтады,
Əрқашан да жүректерде сақтады.
Бауыржандай батырлардың арқасы,
Əрбір атқан азаттықтың ақ таңы.
Жадырады, жайнап атты кеше күн,
Менде шіркін ғажап өмір кешемін.
Аталарым батыр болып өтсе егер,
Мен жас ұрпақ, батыр болып өсемін.
Ерліктерін кешегі өткен жырлап нық,
Қазақ еліне біз өтеміз қорған қып.
Батырлардың ерлігіне тағзым ғып,
Бейітіне гүл шоқтарын орнаттық.
Олар батыр, олар қайсар, ұлы рас,
Игі істерің жас ұрпақтар ұмытпас.
Сіздер кешкен зілді тарих көнермес,
Бейіттегі көнерсе де құлыптас.
Жансая
Өте жақсы маған ұнады 5 алдым рахмет сіздерге
Жәния
Өте жақсы 5алдым рахмет