Өлең, жыр, ақындар

Тәуелсіздікке тарту

Қазағым алғыс қылып,
Мейірімі шексіз Аллаға табынуда.
Бөрілі байрақ-ту болды,
Еркіндігім жыр болды,
Қазақстан аталғалы анық орда.
Қан ойнап, оттай жанып қайнап жатыр,
Азаттығым алпыс екі тамырымда.

"Алашым" деп ұран қылып,
Аманат қып, қасиетті мұранды нық,
Хан-батырдың сақталар өр тұлғасы.
"Алла" бізді тəуелсіз ұлт етті деймін,
"Сақталсын" деп тілеймін,
Қазақ халқы мəңгілік қалпында осы.
Күннен-күнге гүлденіп, жайнай берсін,
Сарыарқада жер тепкен Ақордасы.
Талай ұлттар мекен қылып кең даланы
Үш жүзін үш жағынан жарқылдасын!

Қазақ деп аталатын,
Ислам деп аталатын,
Тəуелсіздік қасиетті құрылғысы.
Бейбіт күнде елде қатер болған кезде,
Қорған болар діңің менен тілің осы.
Тарих беті жаңадан ашылғанда,
Сақталсын ғасырлардан ғасырларға,
Азаттықты аңсап өткен Алашымның
Кешіп өткен тарихы бұрынғысы.


Дақ түсірмей, кір келтірмей мұраға,
Ақ үмітті мəңгі ақтап жүр ағам.
Керей құрған қасиетті тағымды,
Хақназардай берік ұстап тұр ағам.
Тəуелсіздікке түрткі болып,
Ынтымаққа ұйтқы болып,
Қазақ деген қайсар жұртты құраған.
"Елі сүйген Елбасы" деп атақ алып,
Мəртебеніз шарықтасын Нұр ағам.

Бұл өмірдің болады екен,
Ақ пен қара жақтары.
Бостандықтың нақ дəлелі,
Қара түннің еркін батып,
Танның еркін атқаны.
Еңселі елдің нақ дəлелі,
Басқа елден құрмет алып, ризалыққа батқаны.
Тəуелсіздік нақ дəлелі,
Жас ұрпағын көкке самғап, шалқып-тасып жатқаны.
Азат өмір нақ дəлелі,
Қара жағы басылып қап,
Қазақ үшін ақтың жағы артқаны.

Алтай-Атырау арасында ұлан байтақ жер үшін,
Құрбан болсам Алаш деген ел үшін,
Азаттығым-жүрегімде қалғанын.
Қорған болып өлсем егер, сен үшін
Жалын отқа өр кеудемді салғаным.
Еркіндігім болса екен мəңгілік!
Осы ғана арманым!
Жүрегімді жарып шыққан жырымды,
Тəуелсіздікке тарту қылып арнадым.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мағжанға арнау

  • 0
  • 0

Шолпан жұлдыз жарқыраған қазағымның көгінде,
Орны тақ, құламайтын поэзияның төрінде.
Ер Түріктің арда туған ардақты ұлы Мағжаным,
Кірбең, сызат түсірмейміз сен білдірген сенімге.

Толық

Ілияс аға

  • 0
  • 0

Ғасыр асты, өр дүние дастанына,
Ұлы алашқа нұр шуақ шашқанына.
Сені жырлап келеміз өлең арнап
Өнегелі із қалдырдың жастарыңа.

Толық

Ерлікке тағзым

  • 0
  • 2

Соғыс дəмін сезінбеген пендемін,
Соғыс жайлы өлеңнен ой өргенім.
Бауыржандай батыр болсын ұлдарың,
Əлиядай ұшқыр болсын мергенің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер