Семесің ғой, өлесің ғой гүл атпай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Семесің ғой, өлесің ғой гүл атпай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Семесің ғой, өлесің ғой гүл атпай,
Тыным алсаң өлеңім.
Таң алдында лайланбаған бұлақтай,
Тұнып ақсам деп едім.
Ауыз ашып бір апаттан, бір апат,
Сескендірмес еш дүлей.
Өмір сүру маған сондай рахат,
Көрмей, түк те естімей...
Сертке көзсіз сәбидей боп сенген ек,
Өкінішпен өтті, кетті бал шағым.
Уақыттың дауылымен дөңгелер,
Домалаудан шаршадым.
Бір жүректі қай жыртыққа жамармын,
Осы бір ой, етті қанша мені алаң.
Жатқандай бір құрсағында анамның,
Ана жердің құшағында дем алам.
Сосын жарық дүниеге оралам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері