Жалғаннан жарық таппай – Айсұлу Рүстемова‎

Бұл бетте «Жалғаннан жарық таппай» атты Айсұлу Рүстемова‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2453
Жалғанда кім бар бүтін арманы?
Байғұсты, бәлкім, шүкір алдады.
Қашатын мылқау, құса тірліктен
Өз еркімен еш құтыла алмады.
Солды дедік біз сезінсе гүлді.
Өзекті жансың-өзіңше мұңды.
Шошындым сенсең, кеңістіктен де,
Құбылып дүние, көзіңше күлді.
Аяқ басамын - жар-құз, мың ағын.
Сынған көңілді әр күз құрадым.
Сәулесіне малданып осы өлеңнің
Жалғаннан жарық таппай жалғызсырадым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері