Өлең, жыр, ақындар

Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 521
Оңашаны ұнатамын, ортасынан дүрмектің,
Менің үміт жұлдызымды жандырады үрлеп кім?
Өмір бар да, тазалық жоқ қой, жанымның –
Көйлегі болған, тәнімді қанша кірлеттім...
Көрсетпеді қоршап тұман, ой көгін,
Көз алдымнан тізбектеліп, өтті, өтпелі
бейне мың.
Аққу жаным сыңсып ұшып аспанға,
Арманымның көз жасына, жуылды
топырақ көйлегім...
Өртке толды, дертке толды жан-жағым.
Сырты ижылтыр, іші кір-кір бұл алдамшы өмірде,
Өмір сүріп, өзімді-өзім күліп бекер алдадым.
Өкініш емес, өткені сусып күн-айдың,
Жастықты қайтем?
жүрегім жас қой ұнаймын...
Туған ел, мені көтеріп шыңға лақтырсаң,
Шыңға шықпай, алақаныңа қайта құлаймын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайда, қайда? Сезімнің от бораны

  • 0
  • 0

Қайда, қайда? Сезімнің от бораны,
От бораны жастықтың тоқтамады.
Атқан таң, батқан кешпен, өткен күндер,
Өмірімді біртіндеп жеп барады...

Толық

Жедел жәрдем

  • 0
  • 0

Жарық шашқан маңдайында алау бар,
Айқайлайды түн ұйқысын қашырып.
Жол беріңдер, жол беріңдер адамдар,
Жедел жәрдем келе жатыр асығып.

Толық

Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын

  • 0
  • 0

Көре-көре бой жазып, көсем болып барамын,
Сөйлей-сөйлей ой қазып, шешен болып барамын.
Қолымда ешбір билік жоқ, өмірдегі ушыққан,
Ем боламын жырыммен, аузына қай жараның?

Толық