Көп жандарды кезінде бағаламай – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Көп жандарды кезінде бағаламай» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 6804
Көп жандарды кезінде бағаламай,
сараламай, сұрыптап, дараламай,
содан кейін өзіміз өкінеміз,
бірақ уақыт тұрмайды – жаңарады Ай.
Біреулерге атүсті баға беріп,
біреулерді жерде жоқ дана дедік.
Күн туғанда, жіліктің майлы басы
болып шығар борпылдақ қара кемік.
Керісінше – баяғы нашарлары,
дегеніміз: «Оны қой – қасаң жаны»,
танытады қадірлі қасиетін,
болатындай елінің бас ардағы.
«Жаман» десе, үңілмей – неге жаман,
бас қатырмай, «жаман» деп сене қалам.
Шын бағасын кезінде бере алмаудан
өмір бойы опық жеп келеді адам.
Өткізсек те өкініп айды, аптаны,
әлі біздің таңдайға май қатпады.
Жеке бастың қатесі – елдің соры –
сүтке айналар сұйылып қаймақтары.
Жан болмаспын ғұмыры, арманы үлгі,
көп сүріндім ұмтылып таңға нұрлы.
Тағдырымнан тілерім: өтсем болды
арқалатпай халқыма зардабымды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көп жандарды кезінде бағаламай өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Көп жандарды кезінде бағаламай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көп жандарды кезінде бағаламай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көп жандарды кезінде бағаламай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері