Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.04.2018
  • 0
  • 0
  • 6123
Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды,
бәрі жақын, жанашыр, дара құрбы,
шаршы топта сөз айтар шешен, әрі
шыншыл, әділ қақ жарар қара қылды.
Таққа жетті – жайыппыз текке кілем,
кілем сынды қимылсыз беттегі ірең.
Баяғы әннің бірі жоқ «ел», «жер» деген,
аузын буған өгіздей шеттерінен.
Тақ дегеннің сиқыр ма сұсты демі,
қатерлі ме болмаса мыс күрегі.
Соған қарап есінеп айналасы,
түшкірсе де таққа ұқсап түшкіреді.
Тақ пәтшағар!
Ісің болмай біз аштан жығылсақ та,
шаш еліңнің байлығын – тұғыр сақта!
Мансапқұмар тобырың қалсын сезбей,
айналғанын кіл жанды қуыршаққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таққа мінбей тұрғанда бәрі ақылды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері