Студенттік күнделігімнің алғашқы беттері
- 0
- 0
Бастайын мен күнделіктің беттерін,
Бойымдағы талантымды қолдай кеп.
Қызық өмір ізін салып жеткенін,
Жыр етейін достарыма жолдай кеп.
Бұл бетте «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты Айым Марат жазған поэзия туралы өлең берілген.
Бастайын мен күнделіктің беттерін,
Бойымдағы талантымды қолдай кеп.
Қызық өмір ізін салып жеткенін,
Жыр етейін достарыма жолдай кеп.
Адамдардың таза арнаға көшкені –
Бір арнаға көтеріліп өскені.
Ал егер де туған тілін ұмытса –
Қадірі кетіп, тарихынан өшкені.
«Көңілден де кетеді көзден кеткен»
Деген сөз бар, бүгінгі күнге жеткен.
Болса егер адамда адал сезім,
Бағалайды бақытты болған кезін.
Алты сабақ бітті, келдім мектептен,
Күн де ыстық, маңдайымды терлеткен.
Біраздан соң таза суға жуынып,
Басып алдым қызуымды селдеткен.
Бұл дүние жалған екен, алданба,
Байлығыңды тау етуге қамданба.
«Шүкір» айтқын әрбір атқан таңыңа,
«Менің ұйқым қанбады» деп шамданба.
Бибінұр
Поэзия өлеңі өте керемет