Өлең, жыр, ақындар

Жаман мен жақсы

  • 07.05.2018
  • 0
  • 2
  • 16517
Әйелдің бір мінезі аюға ұқсайды,
Ақырып ер бетінен алғаннан соң.
Тағы бір мінезі маймылға ұқсайды,
Ыржыңдап әркімменен күлгеннен соң.
Тағы бір мінезі сауысқанға ұқсайды,
Шықылдап әр бұтаққа бір қонғаннан соң.
Тағы да бір мінезі қарақұсқа ұқсайды,
Жемтікті әркімге бір бергеннен соң.
Тағы бір мінезі қасқырға ұқсайды,
Қиянат аманатқа қылғаннан соң.
Қайтейін, қай сырын көп айтайын,
Әйелдің өзі бетін білмеген соң.
Қатыны долы бейбақтың
Кісі келсе қылпылдап,
Ұшып тұрар зәресі.
Ішкен асы, тамағы,
Мұрыннан шығып кересі.
Көк долының сөзінің
Әсте болмас жүйесі.
Көптірмесі көпіріп,
Долылықтың белгісі —
Түзу де жүрмес түйесі.
Асты шикі пісірер,
Кері кеткеннің кете ме
Екі езуінің күйесі.
Алдым деп қатын мастанба,
Жаман қатын алғаның —
Басы жұмыр пендеге
Алланың салған пәлесі.
Киімі тағы өзінің май-май ғана.
Байымен ұрысса да таймай ғана.
Сыртына ожауының битін сығып,
Тығады қазанына шаймай ғана.
Көзіңмен көріп тұрсаң бекер дейді,
Түбіме сүйте берсең жетер дейді.
Ақылмен оңашада ақыл айтсаң,
Адыра қал біреумен кетем дейді.
Үй-үйді қыдырады есек бағып,
Байына былшылдайды елді шағып.
Жұмысы өсекпенен кеткеннен соң,
Шаруасы кетпей ме судай ағып.
Аспайды дүзге отырса әрі қырдан,
Отырар үйді айнала құдай ұрған.
Жатады итаяғы келіменен,
Болмайды бір жұмысы мұны менен.
Құрбылар әйел алсаң байқап ал,
Бос өтер бүкіл ғұмыр соныменен.
Жаманның зар - күйіне салма, құдай,
Әркімді алсын құдай теңіменен.
Болады жақсы әйелдің сөзі жүрдек,
Шаруасын бітіреді өрге сүйреп.
Арасы ағайынның араз болса,
Екеуін табыстырар үй деп – бүй деп.
Сыртынан жаман қатын бағып тұрсаң,
Бар тамағын ішіп,
Тоқтыдай керіледі болған түйнек.



Пікірлер (2)

Болат

Мағыналы

Жібек

Мазмұны болама бжб еді ойтұлға жазу керек еді тез тез болама

Пікір қалдырыңыз

Алдаушы жалған

  • 0
  • 0

Алдаушы жалған дүниенің
Алдай тұғын пұлы бар.
Аяқты теріс баспаңыз,
Жаманнан басың жырып ал!

Толық

Ақжолтай батыр

  • 0
  • 0

Атақты ер Ағыбай Шұбыртпалы,
Белгілі сарбаздарын шұбыртқаны.
Ағыбай, Қошқарбай мен ер Бұхарбай,
Бұларды соңына ерткен Кене ханы.

Толық

Шортанбай мен Асан Бұғы айтысы

  • 0
  • 0

Замандасым, ей, Асан,
Тұрақсыз заман, ойласаң.
Бақ шіркінге мәз болма,
Тұрмайды баста байласаң.

Толық

Қарап көріңіз