Өлең, жыр, ақындар

Теректің сыйлықтары

  • 04.06.2018
  • 0
  • 0
  • 3681
Лермонтовтан аударма

Тауды да, тасты жентектеп,
Дуылдап ұлып, өкіріп,
Долдана жылап өр тентек,
Ағады Терек жөңкіліп.
Далаға құлап, далиып,
Момынси қапты қуланып;
Каспийге қарап, бас иіп,
Еркелей қапты, тура ағып;
«Кәрия теңіз, мен келдім,
Толқындарым паналат;
Еркіндеп біраз сенделдім,
Табайын тыным, қанағат,
Кеудесін еміп бұлттардың,
Казбекте тудым жұлқына;
Көнбей талай, бүлік салдым,
Адамның жат ырқына.
Ұлдарың ермек етсін деп,
Тонадым Дарьял құрдасты,
Қуып та келдім екпіндеп,
Қора-қора қойтасты».
Жағаға жұмсақ жантайып,
Ұйықтағансып Каспий карт,
Еркелеп Терек марайып,
Сыбырлайды оған бұл жомарт:
«Әкелдім сыйлық мен саған,
Қадірлі сыйлық, көр бүгін;
Ап кеттім майдан орнынан
ҚһКабардиннің ер ұлын.
Кіреукесі де, Қалқайы,
Күміс ерлі жез тұрман,
Құбылып көзді тартады,
Құраннан аят жаздырған.
Қабағын түйген, үн - тілсіз,
Қайрыла біткен шалғысы,
Сорғалап ағып, салыпты із,
Қызулы қанның тамшысы.
Ашулы қалған көзінде
Ескі араздық кек толы;
Айдарының өзі де
Үйіріле өскен, көк долы».
Жағаға жұмсақ жантайып,
Қалғиды Каспий тіл қатпай;
Толқиды Терек ұлғайып,
Қоймастай өзін тыңдатпай,
«Тыңда, ақсақал, сөзге илан,
Сыйлығым бар күн жетпес
Жасырып бүкіл жаһаннан,
Болып ем оны көрсетпес.
Берейін әкеп мен саған
Казактың жап-жас бір қызын,
Кеудесі сәл кем қарайған,
Жібектей жирен шашы ұзын,
Қайғылы жүзі сүр тұман,
Кез жұма тәтті ұйықтаған,
Кішкене ғана жарадан
Қуалай тесін аққан қан.
Талай жан жасын сығулы,
Өзенге төніп әр шақта;
Жоқтамас өжет сұлуды
Бір ғана адам қыстақта.
Ерттеді ол бәйгі қарасын,
Таудағы түнгі шайқаста,
Қанжар тосар ез басын,
Ашулы чечен айқасса».
Көк долы тасқын булығып,
Ағарып қардай сол кезде,
Таралып шашы жуылып,
Қыз шықты қалқып лезде.
Дауыл боп тұрды орнынан,
Айбынды қария қарқылдап,
Құмарта қарап, болды аң-таң,
Қара - көк кезі жалтылдап.
Қуаныш сыймай қойнына,
Құтыра ойнап сол шақта,
Махаббатқа ынта қойды да,
Толқындарды тартты құшаққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қоштасу

  • 0
  • 8

Қош бол, досым, жақыным!
Уақыт тығыз, сөз қысқа.
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа.

Толық

Өркендей бер, Отаным

  • 1
  • 1

Даланы қара түнек басқан кезде,
Үстем боп алпауыттар, тасқан кезде,—
Саз беріп күншығыстан таң белгісі —
Дүниеге қызыл нұрын шашқан еді.

Толық

Желкен

  • 0
  • 0

Теңіздің көкшіл тұманында,
Жалтылдайды жалғыз желкен.
Елінде несі қалды артында?
Жат жерден не іздейді екен?

Толық

Қарап көріңіз