Ұйқысыз түндегі өлең – Ілияс Жансүгіров

Бұл бетте «Ұйқысыз түндегі өлең» атты Ілияс Жансүгіров жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 30.06.2018
  • 0
  • 1
  • 4700
А. С. Пушкиннен аударма

Келмейді ұйқым, от та жоқ;
Қараңғы, ұйқым мазасыз.
Тек ұдайы бір дабыс
Беріп сағат тұр жуық-
Паркий кемпір күбірі,
Түннің ұйқысырауы.
Өмірдің тышқан қыбыры,
Тыншытпайсың неге әлі?
Күңгірт күбір сен несің?
Бастан кешкен Айттың ба зар,
Өзің нені тілейсің?
Шақырасың, болжайсың
Алдымдағы күнімді?
Түсінуге мұныңды
Үйренейін тіліңді.


Пікірлер (1)

Арай

Рахмет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері