Элегия

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3731
А. С. Пушкиннен аударма

Есалаң өмірді ойлап қызығы өшкен,
Кісідей ауырлаймын шарап ішкен,
Қайғысы өткен күннің — тәтті арақтан
У жанға қанша тозса, сонша батқан.
Жолым мұң: кең теңізі келешектің
Сияқты қайғы, бейнет елестеткен.
Достарым, бірақ менің келмейді өлгім;
Тұруға ой-азаппен бар тілегім.
Ішінде дау-жанжалдың, қайғы-әуренің
Барлығын рахатымның құп білемін:
Кей-кейде сусындаймын тәтті күйден,
Көзімнің жазуыма жасын төгем,
Бәлкім бейуақ кешіне өмірімнің
Қош деп күліп махаббат шашар нұрын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Элегия өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Элегия өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Элегия өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Элегия өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері