Суық күн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 12.07.2018
  • 0
  • 0
  • 9030
Суық күн!
Ақша қармен жерді жапқан.
Суық күн!
Жұрт жүрегін қалтыратқан.
Суық күн!
Ұлы Отанның жүрегіне
Жау жендет жасырынып бір оқ, атқан.
Суық күн!
Сұмырайды көргенде жек:
Қатты ашу, мұзға айналды қайнаған кек
Қамығу қайратпенен боран болып,
Лағнет!
− Жау жендеті - ай! - демеген жоқ.
Суық күн!
Жарқылдайсың бүгін ашық,
Күміс қар, қызыл тулар нұрын шашып.
Мың тулар, миллиондар ерді еске алып,
Ысытып суық күнді алға бастық.
Суық күн!
Сескендірген бізді бір уақ,
Қарайған календарьда бір жапырақ.
Әлемге ұран болар, нұрландырар
Қып - қызыл тамшы қаннан ту жарқырап.

1935 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Суық күн өлеңінің авторы кім?

Ілияс Жансүгіров — осы өлеңнің авторы.

Суық күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Суық күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ілияс Жансүгіров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Суық күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері