Толқын

Бұл бетте «Толқын» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 3350
Толқын жаңа өмірдің,
Тілеген шын тілегі.
Толқын істі қайнатып,
Қыздыра да біледі.
«Қара Қаншық» қыңсылап,
Толқынға қарап үреді.
Түнеріп толқын ағындап,
Жалтартпай жауын бүреді.
Түн көрпесін дал-дал ғып,
Әлемнен толқын түреді.
Тасады тасқын көпіріп,
Күңіренеді, күледі.
Алған беттен бір қайтпай,
Толқын алға басады.
Сумаңдап жортып, сыдыртып.
Талай қырдан асады.
Атардай сеңді сермеге,
Толқыннан жауы қашады.
«Көмілем, толқын көмет» деп,
Қалшылдайды сасады.
Су толқыны ақырып,
Кейде сылқ-сылқ күледі.
Қаһарын қайта шақырып,
Сырғиды сеңдер, жүреді.
Су толқыны мұздаған,
Пердесін судың сырады.
Біздің толқын зымыраған,
Мақсатқа жетіп тынады.
Су толқыны бұрқанып,
Аудармақшы кемені.
Біздің толқын бусанып,
— Әлемге нұр себеді.
Су толқыны осқырып,
Ентелеп жарды тебеді.
Біздің толқын тез жүріп,
Еңбектің балын емеді.
Біздің толқын іс толқын,
Іске мойын бұрады.
Біздің толқын күш толқын,
Социализм құрады.
Біздің толқын айғыздап,
Жүрегін жаудың тіледі.
Биікке шығып, нығыздап,
Ленин туын іледі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Толқын өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Толқын өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Толқын өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Толқын өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері