Жазғы сурет – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Жазғы сурет» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 4399
Артымнан ай туғандай,
Алдымнан күн.
Түнде жұлдыз күлімдеп,
Қағады ым.
Мөлдір бұлақ,
Сырлы өзен суы тұнық
Кенет сылдыр етет те,
Болады жым...
Аппақ болып көсіліп,
Бұйраланып,
Бұрқ-сарқ ағып, көпіріп
Жатар жайқын.
Мөлдір судан бетімді
Көрейін деп,
Үңіледі өзенге,
Шыңырау - шың.
Жағадағы көкпеңбек бұйра талдан
Тәптештеп тексерсең де
Табылмас мін...
Суға келер колхоздың
Көп сиыры
Сүтке толған желіні
Керіп бұтын....
Бұлшық еті бұлтиған,
Қаны толық,
Жуан жота,
Тік қабақ
Ісік мұрын,—
Көз алдыма суреті елестейді —
Ауқатты өмір жасаған
Колхозшының.
Күнде қызық, күнде жас
Біздің өмір,
Тасқындай бір тасады
Шіркін көңіл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы сурет өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Жазғы сурет өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы сурет өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы сурет өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері