Фридерике Брион ханымға

Бұл бетте «Фридерике Брион ханымға» атты Иоганн Вольфганг фон Гёте жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2021
  • 0
  • 0
  • 506
Оянғын, шығыстың ақ таңы!
Сенің жарық күндей жарқырап,
Қадала қарағаның,
Түннің көлеңкесін таратқандай.
Қарашы, құстар жараса ән салып тұр!
Бойжеткен аруларды оятқандай.
Әндете: «Ояныңдар ұйқыдан!» – деп,
Біргелесіп әнге қосар.
Сен сөзіңде тұрмайсың-ау, байқасам,
Мен әлдеқашан тұрғанмын.
Оянсаңшы енді, ұят емес пе!
Терезені ашқын!
Шу! Филомела үнсіз!
Жігітім, сенің ұйқыңды бұзып,
Тынышсыздығыңды алмастан
Түніменен мұңға батты.
Бірақ та шығыста да қуаныш:
Міне, таңның нұр жарығы
Сенің бетіңнен үпкендей,
О, қарашы!
Жо-жоқ, сен ұйқыда жатқан
Бойжеткен аруды қалап қалып,
Түсіңде қайта-қайта көріп –
Жарық күннен де тәтті көрдің.
Сен ұйықтап жаттың!
Ұрлана байқап қарасам,
Сенің ұйқың тып-тыныш.
Тәтті, аянышты көз жасыңнан
Мен естен таныдым.
Кімдер тып-тыныш, өткізер күндерін,
Кімдер ақымақ болар!
Мүмкін, қадірсіз болғандардың
Рухы да биік болмас!
Тәтті түс көріп,
Сен ұйықтап жаттың! –
О, қандай бақыт! – сол бір жан,
Кім осында, қыдырып,
Сағыныштан, ән-күйді аңсап,
Бірде қызарып, бірде бозарып,
Түнімен ұйқысыз күндерді өткеріп,
Қаны оның кейде мұзға айналып,
Қайнаған кейде қайтадан.
Сен ұйықтап қалғаныңды мойындайсың,
Бұлбұлдың жылағанын,
Жазаңды алып енді таңдағын,
Менің саған арнаған өлеңімді!
Арнайы арнап салынған
Қамаудан мен құтылдым.
Сұлу бикеш! Камена!
Менің үнімді тыңдағын!

1771


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Фридерике Брион ханымға өлеңінің авторы кім?

Иоганн Вольфганг фон Гёте — осы өлеңнің авторы.

Фридерике Брион ханымға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Фридерике Брион ханымға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Иоганн Вольфганг фон Гёте өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Фридерике Брион ханымға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері