Мөлдір бұлақ – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Мөлдір бұлақ» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.07.2018
  • 0
  • 0
  • 7749
Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Суың кәусар, жерің бай.
Көгалың гүл,
Мәнерлі сыр,
Мөлдір бұлақ,
Ақ сылдырап,
Елде бақыт, шаттық күй.
Әсем сырлы,
Қызыл гүлді,
Саған арнап тарттым сый.
Мөлдір бұлақ,
Жасыл құрақ
Етегінде оранған.
Талда бұлбұл,
Төгілтіп жыр,
Күнде сауық ән салған.
Мөлдір бұлақ,
Құлағың сап,
Ән әуезін тыңдайсың.
Сылдыр, сылдыр,
Тынбайсың бір,
Төмен ағып зырлайсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мөлдір бұлақ өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Мөлдір бұлақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мөлдір бұлақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мөлдір бұлақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері