Біз еркесі өмірдің – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Біз еркесі өмірдің» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1741
Сәлем сізге, сәлем сізге,
Ұлы съезд астанам.
Мен балаңмын еркін өскен
Шаттық әнін шырқаған.
Мен армансыз бұл жалғанда,
Күлімдеген күнде өстім,
Балаусалы балғындайын,
Желкілдеген түрде өстім.
Мен туғанда Октябрьде,
Жарқыраған таң екен.
Мен туғанда Отанымның,
Төрт түлігі сай екен.
Бесіктен - ақ қызықты өмір,
Мені әлдилеп күлдірген.
Бесіктен – ақ анам менің!
Ленинді білдірген.
Тәй-тәй басып, қаз-қаз тұрып,
Ленин деп жүргем мен.
Оның жарық күн екенін;
Сонда-ақ алғаш білгем мен.
Үйдегі оның портретін,
Жан атам деп сүйгем мен.
Күлімдеген жүзін көріп;
Қуанғам мен, күлгем мен
Жүрегімде еш қайғым жоқ,
Қамқорым бар ата-анам.
Бізге мәңгі бақыт берген.
Бізге ұлы заң жазған.
Бір мен емес, барлық бала
Күліп еркін өседі.
«Мен жанымын гүл заманның
Мен бақытты» деседі.
Біз оқуға праволы,
Жақсы киім, тұрмыс шат.
Біз советтің азаматы;
Біздің өмір рахат.
Мен өсемін, гүлденемін,
Күндей көкте күлемін,
Қайғы, мұңсыз шат заманды
Жан анамдай сүйемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз еркесі өмірдің өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Біз еркесі өмірдің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз еркесі өмірдің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз еркесі өмірдің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері