Құлақтан кіріп, бойды алар
Бұл бетте «Құлақтан кіріп, бойды алар» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді үғады,
Жүрегім бойды жылытып.
Аңсаған шөлде су тапса,
Бас қоймай ма бастауға?
Біреу түртсе, я қақса,
Бой тоқтамас жасқауға.
Бір күйгізіп, сүйгізіп,
Ескі өмірді тіргізер.
Өмір тонын кигізіп,
Жоқты бар қып жүргізер.
Есіткендей болады
Құлағы ескі сыбырды.
Ескі ойға көңілім толады,
Тірілтіп өткен құрғырды.
Ішіп, терең бойлаймын,
Өткен күннің уларын.
Және шын деп ойлаймын
Жұрттың жалған шуларын.
Тағы сене бастаймын
Күнде алдағыш қуларға.
Есім шығып қашпаймын,
Мен ішпеген у бар ма?
Керемет
Оте керемет екен мен таба алмаган олендерімді осы жерден таптым бул оте жаксы сайт екен
Тамаша
Не деген керемет сөздер тамаша
керемет
өте тамаша өлең екен
Тамаша керемет сайт екен
Керемет
Көп көп рақмет
Бұл өлең өте керемет жәнеде Абай атамыздың өлеңдеріне
ешкім жетпейді ғой
Өте тамаша жақсы сайт екен
жаксы
Бұл өте керемет сайт. Мен Абай оқуына қатысатын. Осында Абайдың көп өлеңін тауып алдым
Өте керемет
класс
Оте керемет
Өте тамаша
маған керегіде осы еді
Өте мөте керемет!Осылай Абай атамыздың өлеңдерін көп шығаратын сайттар көбейсе
Күшті өте керемет
өте керемет. Іздегенің алдыңнан табылды деген осы.
Іздегенім табылды. Рахмет!
керемет жазылган
Өте керемет сайт
ӨТЕ КЕРЕМЕТ
Өте керемет ән және өте оңай екен
Өте керемет!
Ана
Бұл мен Аяулым
Құлақтан кіріп бойды алар
Абай Құнанбаев Қазақтың ұлттық азаматы
Осы өлеңді жатпайтын өте қатты ұнады
Қиын ғооо
Қиын
Жақсы екен сабаққа жаттаған беріп еді
Мен осы сайттан жазып сайыс бас жүлдені мен аламдеп өзіме нық сенімді мін
Тамаша мен Абайдын 13 таппақ жаттау керекпін
Бүгін Bilim-all.kz сайтынан Абай Құнанбайұлының 'Құлақтан кіріп, бойды алар' өлеңін тауып оқыдым. Қандай ғажап туынды! Ән мен күйдің құлақ арқылы бойға сіңіп, көңілді жылытып, ескі ойларды оятатыны, өмірдің қулық-арбауынан сақтандыратыны – Абайдың сөзі әрқашан өзекті. Абай даналығына тағзым! Қазақ поэзиясын сүйетіндерге ең жақсы сайт осы. Алғыс!
Абайдың бұл өлеңі – нағыз ғажайып! «Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй» дегеннен бастап жүректі жылытып, көңілді түрлі ойға толтырады ғой. Ән-күйдің құдіреті осылай бейнеленгенде, адам өзін ұмытып, өткен өмірді тірілтіп, ескі уларды қайта ішетін сияқты сезінесің... «Мен ішпеген у бар ма?» деген соңғы жолдардан кейін ойланып қалдым – өмірдің қайшылығы, алдау мен шындықтың арасындағы күрес Абай атамыздың сөзінде соншалық терең.
Рахмет
Керемет жазылған өлең екен.
Абайдың кемеңгерлігінің айқын көрінісі. Ән мен сөздің бірлігін, оның адам жанына қалай әсер ететінін терең сезіндіреді. Сайттағы мәтінді мобильді құрылғыдан да оқуға ыңғайлы екен. Қазақ әдебиетін сүйетіндердің барлығына бұл бетті ұсынамын. Әрбір өлеңге қатысты пікір жазу мүмкіндігі де жақсы ұйымдастырылған.
Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңі – ән мен сөздің адам жанына әсер ету құдіретін әлемдік деңгейдегі тереңдікпен түсінген даналықтың туындысы. Әр оқыған сайын жаңа мағына ашатын осы өлеңдегі «Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй» деген жолдар – Абайдың өнерге деген шексіз махаббатын ғана емес, сол өнер арқылы адамды рухани түлетуді көздегенін аңғартады. Соңғы шумақтағы «Мен ішпеген у бар ма?» деген сауал бүгінгі ақпарат ағынында адасып жүрген бізге де тікелей қатысты сияқты. Алдыңғы пікір қалдырған Нұрдәулет пен Ербол Сапарбаевтың да ойларымен толық қосыламын. Бұл өлеңді жаттап қана қоймай, әр жолының мәнін түсініп оқу керек. Bilim-all.kz сайтында мәтіннің таза нұсқасы мен қосымша ақпараттың берілуі де ыңғайлы. Абайдың өлеңдерін жинақтап, оқырманға жеңіл жеткізіп отырғандарына рахмет!
Абай Құнанбавтің өлеңдері өте күшті әрі кереметі 😊
Бұл күшті
Абайдың «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін әр оқыған сайын жаңа бір қырынан танып, тәнті боламын. Бұл шығармада ұлы ақын ән мен күйдің адам жанына әсер ету күшін соншалықты терең, соншалықты әсерлі жеткізген. «Дүние ойдан шығады, Өзімді өзім ұмытып» деген жолдар – нағыз өнердің құдіреті, оның адамды өзге әлемге жетелеп, уақытша болса да күйзелістен арашалайтынын айшықтайды.