Түн қатады партизан

Бұл бетте «Түн қатады партизан» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 4952
Қаңтар күйі қарт боран
Жынданады айғай сап,
Аш арыстан сымбатты
Азу тісі сақылдап.
Абыржымай, ақырын.
Теңселеді қара орман,
Мұздай темір құрсанып
Түн қатады партизан.
Түн қатады партизан,
Қар құшады, мұз жайлап,
Қалтырамас біреуі,
Көр қылсаң да ойбайлап.
Қатал, қайсар жүрегі
Қайтпас боран кәрінен,
Қымбат елдің намысы
Партизанға бәрінен.
Жүрегінде тулаған
Намысы бар, ары бар,
Жауда қалған елі бар
Қайғысы бар, зары бар.
Қан жас аққан көзінен
Ыза менен мұң батып,
Қатын, бала кегі үшін
Жүрген жандар түн қатып.
Ауыр қолы бұлардың
Қарулары алмастан,
Қалтырайды фашистер
Маңайына бармастан.
Қатал, қатал партизан!
Қаңтардан да алды тар,
Қатал бол деп үйреткен
Туған бала, сүйген жар.
Бұрқылда боран жындана!
Кең даланы қар бассын,
Кегін алсын партизан.
Фашистерді қан бассын!
Қара орманды шайқалтып,
Кәрі еменнің басын ай!
Қан жорықтан оралып,
Партизандар тартсын сый.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түн қатады партизан өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Түн қатады партизан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Түн қатады партизан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түн қатады партизан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері