Донец – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Донец» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1426
Бұрқанып, тулап жаттың сен.
Ақ көбігің жарқылдап.
Оқтар ұшты үстіңнен,
Мылтық даусы саңқылдап.
Долдана қақты таңдайын,
Ысылдап сол күн жел - дағы.
Қанды кегің бар дайын
Қатуландың сен - дағы.
Жар қабағың шыңылдап
Кешті мөлдір суыңды оқ,
Ашулы ерінің қыбырлап:
«Жоқ, жоқ!— дедің.—
Өткел жоқ!»
Гранаттар жарылды,
Діріл қақты басқан жер,
Жан сауғалап жалынды
Қан тілеген жендеттер.
Өлім жанмен ойнады,
Кескілесті екі жақ
Ер жұлдызы жайнады,
Өз жүрегі қалтырап.
Бір жағы.нан сен қыстың,
Бір жағынан партизан.
Есі кетті фашистің,
Ел қолына берді жан...
Жау жаншылды... бітті айқас.
Шеру тартты біздің қол.
Ашуыңды сен де бас,
Шіркін, Донец, есен бол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Донец өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Донец өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Донец өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Донец өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері