Биік шың – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Биік шың» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2575
Көкке бойлап тәкаппар
Жағада тұрды биік шың,
Ақпанда борап соқты қар,
Шілдеде қайнап төнді күн.
Сәуірде торлап көк тұман
Сәуледен бойын жасырды.
Сонда да тіп-тік қиядан
Мұнар боп көзге басылды.
Құтырған теңіз шу басып
Жарына соқты күндіз - түн,
Асау құз бұлтпен айқасып,
Айбатпен жанға қатпады үн.
Маңында гүлдеп бәйшешек,
Бас иді миуа ағашы.
Таласа өскен көкке өрлеп
Күн сүйді кербез шың басы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биік шың өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Биік шың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биік шың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биік шың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері