Жеңіс күні – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Жеңіс күні» атты Жұмағали Саин жазған соғыс туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 1
  • 23000
Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.
Сүйінші елден сұрадық —
Жұбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген
Жарқырап қайғы-зар күлді.
Сілкінді дүние қайратпен,
Киімін шешіп қан басқан.
Отырды солдат айбатпен,
Етігін сүртіп шан басқан.
Көңілді көктем шағындай,
Құлпырды әлем сол бір шақ.
Сүйісті ғашық жарыңдай
Адамды өмір құшақтап.
Дүние махаббатымен
Сұқтанды қызыл жұлдызға,
Жеңімпаз Отан даңқы мен
Жауынгер біздің ұл, қызға.


Пікірлер (1)

Нұрканат

Жақсы өлеңдер

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жеңіс күні өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Жеңіс күні өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жеңіс күні өлеңі не туралы?

Бұл шығарма соғыс туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жеңіс күні өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері