Өлең, жыр, ақындар

Партия туралы сөз

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1531
I
Қараңдаршы, жаңа тарих бетіне,
Қараңдаршы, келбетіне заманның!
Қараңдаршы, жер, суына елімнің,
Қараңдаршы, тарихына адамның!
Барлық жайда, барлық істе өзіңмен
Бірге алдыңнан көрінеді ізгі дос!
Ыстық дүние сәулесінде көзіңнен
Кетпейді ол. Онсыз сенде өмір бос.
Тарихының қайсы бетін ашсаң да,
Оның ісі шыға келер біріндеп...
Өмірінің қай торабын жазсаң да,
Ол тұрады қарсы алдыңда күлімдеп
Өткен жылдар... алдыңдағы кезеңдер...
Сол досыңның шұғыласына малынған.
Ел, бақыты, мендегі бұл өлеңдер
Соның ыстық жүрегінен алынған.
Қамалдарды сеніменен бірге асып,
Бақытыңа бірге қорған қалаған.
Майдандарда сеніменен бір басып.
Сені өзіне, өзін саған балаған.
Сені мен мен — барлық совет адамы
Сол бір достың жүрегімен нәр алып,
Әр сағатта, әр минутта шаттықпен
Сүйсінеміз келбетіне қадалып.
Қамықсақ ол жадыратар көңілді,
Жарқын ғана анаң дайын дем беріп.
Тастамайды әрқашан да сенімді,
Сенің панаң ен тамаша, ен берік.
Оған берік антымыздан танбаймыз,
Сақтаймыз біз нақ жүректің басында.
Жанымызды соған ғана арнаймыз,
Болсақ, дейміз соның ғана қасында.
Баламыздың тілі шығар кезінде,
Оның атын үйретеміз жабылып.
Ол жүректен бірге біткен сезімге,
Сағат сайын тұрамыз біз сағынып.
Оның аты компартия — дос, жолдас,
Барлық совет адамына бақыт, күн.
Бар тарихтан жалғыз ноқат табылмас,
Ол жарқырап түсірмеген шұғыласын.
II
Зор майданда он жетінші жылдағы,
«Патша тағын талқанда!»— деп пролетар.
Құрап елді қала менен қырдағы,
Кім бастады, кім жеңді!—деп салды жар!
Компартия!
Ен алдында шебімнің
Тұрды берік намысыңдай адамның.
Шықты дауысы штабынан Лениннің,
Жаңа өмірдің— біздің жаңа заманның.
Бұл майданда бастады ол, біз жеңдік,
Кәрі дүние талқан болды тағымен.
Жер үстіне ғасыр келді Лениндік
Шаруаларға, пролетариат табымен.
Содан бері өтті жылдар... өтті айлар...
Совет елі
Жеңістерге бөленді.
Өшікті олар, бізге тісін қайрады.
Жанған өрттей қаулады жау жаласы.
Екі өмірдің тағы ашылды майданы,
Сапқа тұрды бүкіл совет даласы.
Компартия ең алдында шебімнің
Жауға аттанды, еліме ұран тастады.
Ер сабаздар штабынан Лениннің
Жеңістерден жеңістерге бастады.
Біздің елдің туы көкте жайнады,
Басып өтті фашизмнің белінен.
Бар халықтың жүзінде нұр ойнады,
Келешегін күтті совет елінен.
Содам бері тағы біраз жыл өтті,
Ой салмағы ғасырлармен барабар.
Елім жаудың зардабым тез түзетті.
Туды тағы фабрикалар, қалалар.
Коммунизм құрылысы басталды,
Түрікпенен, ұлы Доннан, Волгадан
Күнім менің жарқыратты аспанды
Табыстармен еш тарихта болмаған.
Кел, жолдастар,
Тездетейік өмірді,.
Сағат емес, секундтардың тіліндей!
Жылдамырақ жеткізуге елімді
Ұлы күнге — коммунизм күніндей!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қабылда, Отан

  • 0
  • 1

Туған елім,
Өз Отаным, астанам,
Талай биік жеңістерге бастаған,
Қазақстан рапорт етті, қабыл ал,

Толық

Көсем туралы сөз

  • 0
  • 0

Күндер де өткен, талайдан жылдар да өткен,
Қатал «тағдыр» жолымен ғасыр жылжып.
Ақын мұра сөзімен маған жеткен,
Елім сүйген көсемді айтам жыр ғып.

Толық

Бақыт

  • 0
  • 0

Өткір ойлы қара көз,
Өжет, ұтқыр, бал мінез.
Бақытым менің інішегім,
Жүгіре басып келді тез.

Толық

Қарап көріңіз