Достық туы – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Достық туы» атты Жұмағали Саин жазған достық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 1
  • 7419
Мен білемін. Кешегі майданда өткен,
Достық туын Гитлер атқанда оқпен,
Орыс, қазақ, белорус, украин боп
Сол туға жаудың оғын жолатқан жоқ.
Бірлік, достық бекіді төккен қанмен,
Сіңді бойға адамдық ақыл, армен.
Оны ешбір жау бұза алмас талпынса да
Бұзамын деп оқпенен, бомбалармен...
Сол бірлікпен мызғымас тастай берік —
Сол достық туыменен жауды жеңіп,
Сол туменен советтің халықтары
Коммунизм төріне барады еніп.
Сол туменен топталып берік, нығыз!—
Партияның маңына сайға тығыз —
Тұрмақ мәңгі, советтік байтақ елім,
Берік достық, тап оған берік сенім.


Пікірлер (1)

Жамиля

Круто

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Достық туы өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Достық туы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Достық туы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма достық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Достық туы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері