Жоры мейлің, айлакер, мені қуға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жоры мейлің, айлакер, мені қуға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Жоры мейлің, айлакер, мені қуға,
Көңіл шыны кеседей толы мұңға.
Сылтау іздеп оңаша сенделемін,
Өзіңді іздеп барып бір жолығуға...
Арзан емес, досыңа бағалысың,
Кімдер сендей жандарға тағады сын.
Оңай жайды әдейі қиындатам,
Түссе екен деп, әйтеуір, саған ісім...
Біреулер жүр уақытша ұсап маған,
(Ғашық жайлы жыр жазып ұсақтаған).
Қыз Жібектей болдым мен Төлегенсіз
Ақ боз аттың мойнынан құшақтаған...
Сел сезімнің қайталап дауыл әнін,
Есалаңдай есімнен жаңыламын.
Айлар, күндер өзіңді көрмей қалсам,
Шаншып жүрек бір түрлі ауырамын...
Аңсау әнін сызылтам әуелетпей,
Саусақтарың шашымды тарап өтпей.
Жыр гүліме, осынау тірлігіме
Бір өзіңсіз тұрғандай ауа жетпей...
Балапандай баулыды, түлетті өмір,
Махаббатты шарқ ұрды тілеп көңіл.
Шешесің бе, білмеймін, шешпейсің бе,
Түскен ісін жүректің жүрекке бір!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жоры мейлің, айлакер, мені қуға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері