Кеше ғана жатқан бала бесікте

Бұл бетте «Кеше ғана жатқан бала бесікте» атты Ақылбек Шаяхмет жазған бала туралы өлең берілген.

  • 18.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1320
Кеше ғана жатқан бала бесікте,
Тілі шығып, жүгіреді есікке.
Аттың жалын тартып мінсең, тәуекел!
Жолда қалма, мақсатыңнан кешікпе.
Жолдың ұшы тығырыққа тіреліп,
Қария тұр таяғына сүйеніп.
Атақоңыс мекен болған әр ұлтқа,
Келешекте кім жасайды иелік?!
Өсімдіктің тамыры мен сабағы
Шіріген соң туған жерде қалады.
Шыбықтардың өспей жатып қураған
Бірақ, кімге болар екен обалы?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері