Бұл заман пенделерді билейді екен –
Ақылбек Шаяхмет
Бұл бетте «Бұл заман пенделерді билейді екен» атты Ақылбек Шаяхмет жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл заман пенделерді билейді екен,
Ырқына көнбегенді түйрейді екен.
Намысы, жігері жоқ жасықтарды
Саз балшық секілденіп илейді екен.
Бұл заман пенделерді сүйрейді екен,
Шықпасаң озып алға, тимейді екен.
Қырық жыл қырғында да ажалсыз жан
Отқа да жанып жатқан күймейді екен.
Бұл заман байлықты әкеп үймейді екен,
Несібе бұйырғанға тимей ме екен?!
Отырған қол қусырып, қыбырламай,
Жалқауды жатыпішер сүймейді екен…
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі