Май жыры – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Май жыры» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2102
Май!
Қала жоқ кетпеген адам кернеп,
Жалынды сөз, күшті уран көшені өрлеп,
Жер шарында адал жан үн қосады
Бірде туы көкке асып, бірде көлбеп.
Серпінді дауыстары өте қатты
Шақырған бар әлемде адамзатты,
Күреске топталуға бір адамдай
Көтеріп бейбітшілік деген атты.
Бұл үндер текпе дейді адам қанын.
Кореядан қайт дейді янки залым.
Соғыс емес тыныштық адал еңбек
Өмірдің келтіреді дейді сәнін.
Бұл үндер жер шарында талай тілде,
Сондай жылы жүректер— ұқсас үнге.
Өмір үшін туған сөз құдіретті ұран
Өмір барда жасамақ ол да бірге.
ССРО — бейбітшілік өмір таңы,
Тек адамның бақытты — тұтқан заңы,
Күнде жаңа құрылыс, күнде табыс,
Жылда қайта келеді жастық шағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Май жыры өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Май жыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Май жыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Май жыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері