Өлең, жыр, ақындар

Кел, бауырым!

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2831
Кел, бауырым!
Орыс ұлы өзімсін.
Ақыл, ойым, аузындағы сөзісің
Шаршағанда сүйенетін тірегім,
Әрқашан да жарық берер көзісің.
Кел, бауырым!
Той, мереке жасайын,
Саған ыстық құшағымды ашайын.
Тың жерлерді сенімен бір жыртайын,
Енбек әнін сенімен бір шырқайын.
Кел, бауырым!
Партия ұран тастады,
Тағы да зор игілікке бастады.
Сол ұранға жұмылайық бірлікпен
Орыс, қазақ, Украина жастары.
Барлық план ыстықпенен қайыссын!
Әйел, ерлер ұлы еңбекте сайыссын!
Баданадай бидай нық тіресіп,
Көтере алмай жердің белі майыссын.
Баста өздерің!
Ерсін бәрі соңыңнан!
Далаға орнат еңбек қосын қолыңнан!
Көрсін әлем қаптағанын байлықтың
Істеріңнен, басып кеткен жолыңнан.
Ауыл қала, зәулім үйлер құрылсын,
Зор бірлікпен ауыл - қала жұмылсын.
Жеңісіңнің таңғажайып көркіне,
Сырт қараған дұшпан көзі сүрінсін.
Кел, бауырым!
Келші, көзім қарасы!
Құшақ жайды Қазақстан даласы.
Достық әнін құшақтаса шырқайық
Орыс, қазақ Украина баласы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құлыншақ

  • 0
  • 0

Кішкентай ғана құлыншақ
Уыз еміп қырда өскен.
Жылқы ішінде ойын сап,
Жұлдыздармен тілдескен.

Толық

Днепрге қарады

  • 0
  • 0

Ұрыстан кейін бір солдат
Днепрге қарады.
Сүйгісі келді құшақтап
Өзі отырған жағаны.

Толық

Қазақ қызы

  • 0
  • 0

Гуілдеген жел — айдалада сарнаған,
Желге серік мұңды дауыс зарлаған.
Бота көзім, қазақ қызы есімде,
Ескі күнің «өлдім, анажан»- даған.

Толық

Қарап көріңіз