Комсомолдар – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Комсомолдар» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2802
Сапта нағыз заманамен бір басқан,
Ұлы Ленин ұрпақтары серігім!
Жаңа өмірдің нұрлы есігін бірге ашқан
Өз есінен шығарады сені кім!
Құрыш дене, мінсіз сұлу бетіңді
Күнде көрем қуанышпен, бауырым.
Тұр келбетің — өз бейнесі секілді
Отанымда мыңдаған жас - көрініп.
Адымдаңдар, табыстардың шыңына
Бақыт үшін, өмірі үшін адамның!
Бөленсін ел сенің шаттық жырыңа,
Комсомолдар сүйікті ұлы заманның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері