Кімге сенем?
Бұл бетте «Кімге сенем?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кімге сенем?
Сенетін дос қалмады.
Құлазыды көңілдің бостан бағы.
Жұлдыздарды жыбырқай көзіне ілмей,
Жабырқап тұр Ай да анау аспандағы.
Кімге сенем?
Жан-жағым – жапа-жалғыз.
Бірімізге-біріміз жат адамбыз.
Ағайынның ауылы аулақтады,
Əкеден ұл,
Алыстап атадан қыз...
Кімге сенем?
Қинады-ау сауал мына?
Дұшпан жайлап,
Іргемді жау алды ма?
Өлшеп кейде жатамын əуреленіп,
Бөлшектеуге келмейтін ауамды да.
Кімге сенем?
Жан бар ма серік болар?
Жон-жосығын айтпай ма беріп хабар?
...Күбірлейді бір үміт ту сыртымнан:
«Келіп қалар,
Сəл шыда,
Келіп қалар...»
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі