Заман зауқы сəт сайын құбылады –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Заман зауқы сəт сайын құбылады» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Заман зауқы сəт сайын құбылады...
Кім түсініп біздерді,
Кім ұғады?
Көз алдымыз мұнардан көрінбейді,
Көкіректе мың арман құмығады.
Тозбасына толайым көзің жеткен
Беріш еді біздегі төзім неткен?!
Ықыластар өлген жоқ!
Қыл қобызын
Құлағыңның тұсында безілдеткен!
Дала мұңын ұғатын құс тілінен
Дархан дəуір Ұрымға ұшты білем...
Аунап түсті Алатау ұйқысынан,
Аңдаусызда «əпші!..» деп түшкіріп ем.
Қайрағандай кездікті кезек-кезек
Қайран, тілді аламыз безеп-безеп!
Оныменен көшпейді көңілден мұң,
Оныменен өшпейді өзектегі от.
Көкіректе мың бір құс құмығады,
Сан құбылтып сайрайтын күні кəні?
Қай тұйыққа жолымыз тіреледі?
Қай жартасқа кемеміз ұрынады?..
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі