Мақтаншақ – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мақтаншақ» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1512
Тасаларға тығылып,
ойнайды ылғи Мұратхан.
Балаларға ұрынып,
бөпелерді жылатқан.
Аузы-басы қап-қара,
жуынбайды күнде де.
Сөз сөйлесе мақтана,
лепірген бірдеңе.
Киімдерін жинамай,
шашып-шашып тастайды.
Апасын да сыйламай,
жұмсағанда баспайды.
Қалай жейді шошымай
нанды кір-кір қолымен?!
Жүре берсе осылай,
ойнамаймыз онымен.
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мақтаншақ өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Мақтаншақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мақтаншақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мақтаншақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері