Қол бұлғайды сынап қарап тау маған
Бұл бетте «Қол бұлғайды сынап қарап тау маған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.
Қол бұлғайды сынап қарап тау маған,
Таулар, таулар, орындарын даулаған.
Ақсақ Темір бола алмадым, дүниені –
Қылышпенен, ұрыспенен жаулаған...
Тау басына келді, кетті қанша бұлт,
Тәубасына түсіре алмай жар салып.
Өлеңіммен өмір атты дарияның –
Ағысына жүзіп келем қарсы ағып.
Жапыраққа ілініп ой, қалды үнім,
Жазсам деп ем, аққу арман, таң жырын.
Алып ұшқан жүрегімді жібермей –
Аяғымнан тартты мені тағдырым.
Дүние деген қызыл түлкі аунаған,
Адамзатты азғана күн алдаған.
Ақсақ Темір болсам деймін, жүректі –
Өлеңдегі өмірменен жаулаған.
Тау оянып келеді орынын даулаған...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі