Бұл бетте «Сырласамын өзім қалып өзіммен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сырласамын өзім қалып өзіммен,
Сырласпаған, мұңдаспаған кезім кем.
Мына өмірден көзін жұмған көп досым,
Жас боп ақты жүрегімнен, көзімнен.
Сырласыңмен болады өмір ғажайып,
Сырлас кетсе жыламаудың өзі айып.
Досым кеміп бара жатқан сияқты
Жарық оты жанарымның азайып.
Көк аспаннан төксе-дағы күн жарық,
Күйдіргендей аш-өзекті у барып.
Бір досыммен келем тағы қоштасып –
Қара жерді көз жасыммен суғарып...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі