Таңқы мұрын қара қыз – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Таңқы мұрын қара қыз» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 22.07.2018
  • 0
  • 0
  • 2609
Таңқы мұрын - қара қыз!
Кердең - кердең басасың,
Кес-кестейсің көшені,
Қандай қырдан асасың?!
Таңқы мұрын қара қыз!
Сөз сөйледің тақылдап,
Таң-тамаша қаламыз,
Тілдесейік жақындап,
Таңқы мұрын қара қыз!
Қалғаның не жаратпай!
Түнді аударып қайтып ең,
Қайда жорттың таң атпай!
Танкы мұрын қара қыз!
Бұйралапсың шашыңды,
Сүрмелепсің қасыңды,
«Аяқ» десем, «бас» дейсің,
«Таяқ» десем, «тас» дейсің...
Танкы мұрын қара қыз!
Қызмет жоқ, бейнет жоқ,
Әйтсе-дағы көйлек көк
Әйтсе-дағы тамақ тоқ.
Танкы мұрын қара қыз!
Тәрбиеге пысқырдың
Оқуға да төзбедің,
Үш тастадың, үш кірдің.
Таңқы мұрын қара қыз!
Арман да жоқ, ой да жоқ,
Сен баспаған көше жоқ,
Сен бармаған той да жоқ.
Таңқы мұрын қара қыз!
Табаның бір тозбайды,
Өтірік пен есекке
Сенен пенде озбайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таңқы мұрын қара қыз өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Таңқы мұрын қара қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Таңқы мұрын қара қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таңқы мұрын қара қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері