Жарыс – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жарыс» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 1
  • 5250
Қара су боп тер ақты,
Қызып алған денеміз.
Түріп алып балақты
Жарысып біз келеміз.
Баратын жер алыста,
Баратын жер шалғайда.
Он баламыз жарысқан,
Озып шығар хал қайда!
Қалған жерге шыдар ем,
Жырып алдым тіземді.
Шіркін, алға шығар ем,
Жалт бұрылсақ біз енді!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Ера

Кугт

Осы автордың басқа өлеңдері