Сәлем саған, астанам – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Сәлем саған, астанам» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 25.07.2018
  • 0
  • 0
  • 1759
Мен қазақпын!
Ескі қазақ емеспін.
Кремльде талай еркін кеңестім,
Өнерлім, аштым ғылым сырларын
Еркін өстім, Отанымда тең өстім.
Европадан оздым, ұшқыр заманым,
Өлшеу бермес менің басқан қадамым,
Жеңістермен кеттім тағы ілгері
Партия алда! Қасында орыс ананың.
Колға тұрды Ульба, асау Сырлар да,
Завод, қала қаптады шет, қырларда,
Данқым асты дүниені жаңғырттым,
Ленин туы астында өткен жылдарда.
Москва сен!
Қуат бердің, дем бердің.
Тұнып жатқан көзін аштың кендердің,
Астанасы туысқандық бірліктің
Жүрегісің сан рулы елдердің.
Сын еді бір Қазақстан жұрты үшін
Айырған шақтың даланың қыртысын,
Қол бердің сен,— Москвалық ұл, қыздың.
Қос басында естідім жыр, күлкісін.
Вагон, вагон тиелген ән, гүл саған!
Ен аяулы дастандармен жыр саған!
Ойы, арманы байтақ қазақ халқының
Махаббаты партиямен бір саған!
Уа, Москвам, Отанымның тынысы,
Сен мен үшін ұлылардың ұлысы,
Жаса мәңгі,
Бізден сәлем жалынды!
Баста ілгері, көтере бер бағымды!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сәлем саған, астанам өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Сәлем саған, астанам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сәлем саған, астанам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сәлем саған, астанам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері