Бұл бетте «Көршіміздің бір есегі болды» атты Ерлан Аманқожаұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көршіміздің бір есегі болды,
Жаңғырып тұрар тау іші.
Жеңгелерімнің өсегі болды,
Ұзынқұлақтың дауысы.
Бүршіктер елдің көңілі қайың,
Ауылды басса жетім шу...
Құбыры дайын, көмірі дайын,
Тасымайды әсте отын-су.
Қауымға мәлім аты мұндағы,
Көршімді көбі “дүр” дейді.
Моторлы көлік тақымындағы,
Қарыс жерге оны мінбейді.
Ауладан шықпай жаны жаралы,
Есекең болды хас батыр.
Ертелі-кеш аңырағаны,
Азанның дауысын басты ақыр...
Әңгімесіне қосып көкемді,
Абыр да сабыр тау бүгін.
Алқаш досым да тост көтерді,
Есектің тілеп саулығын!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі