Қызғалдақ – Жұмағали Саин

Бұл бетте «Қызғалдақ» атты Жұмағали Саин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2018
  • 0
  • 0
  • 5083
Қызғалдақ күнге қарады
Жымың етті,
Құдіретті
Күн күлді,
Кім білді,
Бұл сырды!
Қызғалдақ жерде,
Күн көкте.
Жайды алақан
Не сұрады?
Неге сонша жалынды?
Дүние мәз,
Па, шіркін, жаз.
Күн жігіттей
Көзбен атты
Қызғалдақты.
Сұлу, сұлу.
Ойнап-күлу
Күн құмары...
Ғашық жары,
Мыңдаған...
Кездер қысқан,
Ымдаған...
— Қызғалдаққа не керек?
Көктем келді:
Әдемі бел,
Жаңбыр суы,
Самалды жел,
Енді аспанда
Маужыраған күн керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызғалдақ өлеңінің авторы кім?

Жұмағали Саин — осы өлеңнің авторы.

Қызғалдақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызғалдақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жұмағали Саин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызғалдақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері