Өлең, жыр, ақындар

Хор қыздарының хикаясы

  • 10.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3827
Пейіште тобы (тоуба) ағашы, жапырағы [иапырағы] зор,
Жарығы (иарығы) күннен раушан, баршасы- нұр!
Болғанда түбі аспанда, басы-төмен,
Иіліп жерге қарай салбырап тұр.
Мысалы күн секілді көрінісі,
Саны жоқ, балдан тәтті (тәтлі), көп жемісі.
Салбырап аспан көктен мәуеленіп,
Сонымен сегіз пейіш толған іші.
Үн тартар шулап ағаш түрлі күйін,
Сипатын тамамдауға жетпес зейін.
Түрлі дәм жемісінде бар-ды ләззат,
Пейіштің тамамлаған түгел үйін.
Торғыннан атлас пенен бар-ды төсек,
Оларды мумин құлға қойған төсеп.
Зейнетлі түрлі гауһар алтын тахыт,-
Олардың көптігіне жетпейді есеп.
Хор қызы сол уақытта ғанбар шашы,
Иілген жаңа туған айдай қасы.
Шеберлеп саф алтыннан ұста соққан,
Түймедей домаланған гауһар басы.
Көзінің қаралығы қарақаттай,
Сөзі бар ақ қағазға жазған хаттай.
Көзіндей құралайдың ойнақтатып,
Арман не соны құшқан адамзатта-ай?!
Болғанда тілі інжу, төсі-маржан,
Еті аппақ қара жерге жауған қардан.
Ғұнша ерін, сұлу иек, пісте мұрын,
Қалмайды жүзін көрген пендеде арман!
Жарқ етіп шыққан күндей қабақтары,
Мақтадай аялаған тамақтары.
Алмадай екі беті үзіліп тұр,
Үзілген қызыл гүлдей сағақтары.
Гүл жүзді (жүзлі), шырын сөзді, бал сілекей,
Аяғын келер басып некей-некей.
Алмадай беттерінен сүйгеніңде,
Суырылар тілмен қабат сол көмекей!
Сипаты тура әліфтей, талдай бойлы,
Мінезі бекмүләйім гүзалхойлы.
Сүттен-ақ, судан таза, таһаратты,
Сөйлесе, бал тамады, ақыл ойлы.
Ерітер тәттілігі балдай ерні,
Балқытар басқанымен қара жерді.
Наз қылып еркеленіп түрлі жайда,
Құбылар бір сағатта жетпіс түрлі.
Бильярд шашбауына таққан теңге,
Түк болмас қас пен кірпік шаштан өзге.
Сағымдай көтеріліп, сәулеленіп,
Кіреді бір сағатта әр түрлі өңге.
Хор қызын құшқан адам кенелгендей,
Әркім-ақ іздеп соны жөнелгендей.
Келбетін көрген шақта қызыққаннан,
Бір қасық сумен жұтып жібергендей!
Аспайды ай сәулесі қабағынан,
Қызыл гүл ұялады сағағынан.
Ішкені алқымынан белгілі боп,
Көрінер жұтқан асы тамағынан.
Кигені жетпіс қабат холла болар,
Қыз қалпы айнымастан күнде болар.
Болмаса Хақ жаратқан хор қызында,
Бұл сипат онан басқа кімде болар?!
Не кемдік бар болған соң ұжмақта жай,
Жаратқан осылайша Жаббар Құдай.
Холладан жетпіс қабат білінеді,
Жыландай ширатылып жіліктен май.
Мәжіліс көңілді ашар гүлстандай,
Болғанда өзі мұндай, жүріс қандай?!
Сол салып алақанға жүрсең-дағы,
Білінбес ауырлығы бір мысқалдай.
Салайық сөйлеп-сөйлеп сөзді шынға,
Қой-дағы өтірікті, ұмтыл шынға!
Бір жерге сөз аяғын әкеп қойған,
Айтайын әңгіме сөз, сізлер тыңда!
Бір емес, екеу емес, көп айтыпты,
Әңгіме еститұғын көп айтыпты,
"Ләззаттың жалғандағы тұрған жері
Нәрседе үш-ақ түрлі!"- деп айтыпты.
Әуелі жақсы болсын жатар орын,
Түзеп бақ үй-жайыңды күні бұрын!
Хош һауа, жақсы тұрар ләззатлы үй,
Адамның арттырады ақыл-нұрын.
Екінші жақсы болсын ішер асың,
Ұмтылып шауып тұрсын ықыласың.
Бір жанды күтпегенде не қыласың,
Бар ма еді өз жаныңа сол өз қасың?!
Естумен қанып мейірің, тойдың-дағы,
Бастадың, неге қайта қойдың-дағы?!
Ләззаттың жалғандағы тұрған жері-
Қатының жақсы болсын қойнындағы.
Жай десең, сегіз ұжмақ бар-ды пейіш,
Тәтлі десең, онда бар түрлі жеміс.
Сұлу десең, хор қызы және даяр,
Табылар тамам ләззат бір жерден-үш.
Қара көз ақ жүзіне жарасқаны,
Бірінен керек қылмас ол басқаны.
Бір кісінің басына жүз хор қызы,
Бірінен соң бірінің таласқаны.
Ерінбейсің, жалығып шаршамайсың,
Бір қалыпта тұрасың, болмай кәрі.
Болады сонда жасың отыз үште,
Өзіңмен қатын құрдас-қыз он бесте.
Тәрік қып бұ дүниені кетер едің,
Уа, дариға, соның бірі кірсе түске!
Өлең бар, күй тартатын домбыра жоқ,
Басында әр қыздардың алтыннан шоқ.
Қор қызы екеу-екеу әнге салып,
Сайрайды сандуғаш пен бұлбұлдай боп.
Сады әр түрлі әнге қылып сауық,
Осымен жұбансын деп ол бір ауық.
Күй тартып тоқсан екі түрлендіріп,
Қаларсың елтіп сонда естен ауып.
Тартылар тағам болып, даяр пісіп,
Алдыңа даяр келер құстар ұшып.
Оқиды хор хызлары әңгіме қып,
Көрдіңіз Мэриям ана, сүре Жүсіп.
Болады күнде жас қыз кәрі қатын,
Пейіш",- деп сонан қойған оның атын.
Ғайша анам пайғамбардан сұрайды екен:
"Онда да бола ма,-деп,-ауыратын?"
Есітіп Ғайша анамыз күлімдейді,
Айтуға пайғамбарым ерінбейді.
Күнде қыз болғанымен, мұндағыдай,
Ауырып еш нәрсесі білінбейді.
Ғайша анам пайғамбарға наз етіпті,
Бұл сөзді құлағымен есітіпті.
Жас жасап, ғұмыр сүріп бұл дүниеден,
Іспенен, естуменен бұл кетіпті.
Мен өзім өлең іздеп, жүдеп аздым,
Өлең түбін шеше алмай күнде қаздым.
Ойланып өз бетіммен жазғаным жоқ,
Кітаптан: "Мұхаммедия" — көріп жаздым.
Кеңесі жазушының осылайша,
Жігіттер, бұлқынып өт асау тайша!
Жігітлер, бұ дүниеден желіп өткіл,
Жүрмегіл әр уақытта тіпті жайша!
[Сара]ңның сараңы барып тұрған,
Бола ма онан жаман [Құдай] ұрған?! "
[Адамның] жомартлығы- осы депті:
-[Өлі]ге құран оқып дұға қылған!"
Ораза туралы
Әуелі Адам пайғамбарды Хақ жаратты,
Бір осы топырақтан тән жаратты.
Жан беріп, иман мірөз етті,
Біздерге руза тұтпақ сонан қапты.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Нұх пайғамбар құмына дұға қылған,
Ерінің жүз баршасы суға толған.
Сол суда көп кәпірлер һүник болған.
Пайғамбар өз құмына кеме қылған,
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Мұса ерді де ісі илан болған,
Со қырғында Тәңірге ғарыз қылған.
Махшар күні дидарын ғата қылған,
Бұ сөзден жақсы адам ғибрат алған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Жақып нәби ахзан (хазан) үтір шала болған,
Жетпіс ел парыз анттан жұда болған.
Жүсіпті ағалары құл деп сатқан,
Он екі жыл зынданда сабыр қылған.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол Салых пайғамбар дұға қылған,
Қарa тастан боталы түйе туған.
Әуелі дүние деген пірлер һалақ қылған.
Ботасы боздай-боздай тасқа кірген.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол Мұса пайғамбар жиһан кезген,
Дұғасы Хақ қасында қабыл болған.
Дұға бірлан өлікке жан берілген,
Төртінші қат аспанда мекен тұтқан.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Дәуіт ер-ді тамырды мүмдәк қылған,
Дюб ер-ді өр ішінде сабыр қылған.
Ар жағы (иағы), бұ жағынан сан нұр қонған,
Сонда да намазды еш қоймаған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол Ыдырыс пайғамбар көкке шыққан,
Аспанда ғазірейіл жанын алған.
Жаны оның тәніне дыха кірген,
Осы күнде жұмақтан орын алған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Сүлеймен тахты бірлан көкке ұшқан,
Ибраһим қонақ табылса, қарсы алған.
Смағүл хақ жолында құрбан болған,
Біздерге құрбан шалмақ сонан қалған.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Кәпірлер Зікірияға арт (арс) тартқан,
Жүністі су ішінде балық жұтқан.
Хызыр Ілияс бұ дүниеде тыр жортқан,
Кәріп-кәсерге қайыр, жәрдем қылған.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
һуд қу Мекаил менен һалақ қылған,
Лұт құмын таспенен һынық қылған.
Әулие қайсысы, пайғамбар дүр,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан
Ухи да нәбиолла Ыехақ пенен,
Хикаядан кедейлік мұрат қалған.
Жержісін нәби жеті өліп, алты тірілген,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Бір қомды дінге үндеген Шимғұн деген,
Кәпірлер Шимғұнға иланбаған (инанбаған).
Жебірейіл Аихансалла һалак қылған,
Тозағың кәпірлерге орын болған.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ол расул кәпірлерге ғазат қылған,
Бұ жаһан әмірін тұтқан қапыз болған.
Бұ пікір пайғамбарға тымра болған,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Мұхаммед үмбетлері ердің рағы,
Хасен, Хусайын уғлының рағы.
Ғалы атты Алланың арыстаны
Күркіресе, иар өлер, ер-ді ,кәпір заһары,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Күндерден күн жақсы, ғад күні,
Түгел [жазыл]ған төртінші қыдыр түні.
Үнлерде не үн шығар - құран үні,
Жақсылар, құлақ салып, тыңда мұны!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Алланың арысланы Ғалы заһары
Күркіресе, бар лур ердің пірі.
Үмбетлерім тұту ғалым фахыры
Білетін тұтса керек үмбетлері!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Мұхаммед-Мұстафаның дүр данасы,
Бибі Фатима - пайғамбардың қыз баласы.
Емсен бірлан Хұсайын ұғланлары
Шаһид болған Кербалада екі лансы.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Пайғамбар Мединеде жатып тұрар,
Қолына гауһар шарап алып тұрар.
"Үмбетлерім келе ме?!"- деп, бағып тұрар,
Таңда шапақты ұтып тұрар!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Сабыры тамам бір ұжмақ, екі орын бар,
Жақсы адамлар ұжмақ тұрып, сабыр [қылар].
Жамандар жаһаннамнан орын табар,
Кәпірлер- тамұқта мәңгі қалар.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Аспанда әр бұлбұл өз көгін жүзер,
Жердегі әр шөплер ернін безер.
Ораза тұтпағаннан Тәңірім безер,
- Хабби үшін ұжмақтан орын түзер.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Бір орынның сауабы көкте болар,
Пітір берсең, сауабы һәм артылар!
Қайыры жоқ сараңдар сауаптан - қүр қалар
Інжілдер ұжмаққа кірмей мақрум қалар,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Әуел хабарың сұрар: - Өлдің бе?-деп,
- Менің мол екенімді білдің бе?!-деп,
Өлместей боп жүруші ең, көрдің бе ? !-деп.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан I
- Менің атым сұрасаң, ғазап!-дейді,
- Бейшара адам, келдің бе жазып?-дейді..
- Жауабыңды берейін, жалғыз- дейді,
- Қоржыныңда қанша бар азық?!- дейді.
Мухаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Ораза тұтпағаны - құлға айналар,
Тамұғының ортасына баптанғандар,
Түрлі-түрлі ғазап қинағанлар,
Әр жерінде илан хиан жаппағанлар,
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Тұтқан соң оразаны пітір бергіл,
Берейін жалған етпей, тұғыры жүргіл.
Бұрынғы кінәлардан тәубе қылғыл,
Жамағат, құлақ салып мұны білгіл!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Інжілдің оразамен саудасы жоқ,
Пітірсіз оразаның пайдасы жоқ.
[Зекет] бер, бермесеңіз, бір нық мим жоқ,
Ораза муминларының көңіліне тоқ.
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!
Меккеде беруі бар мың дәреже,
Құлдары ішіндегі әрбір қожа.
Дәулетіңіз ридасы ертелі-кеш құлақ салып,
Тыңлай гөр-ай байыбын!
Мұхаммед үмбетіне иашһүр рамазан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ғашық жігіт сөзі

  • 0
  • 0

Өтіпті Хасен бірлан ол Хұсайын,
Сайраған бұлбұл құсқа мен ұқсайын(ұсайын).
Құлақ сал, ау, жамағат, кеңесіме,
Азырақ өлең шырқап, ән қосайын.

Толық

Дауасыз дерт

  • 0
  • 0

Ағайын барды күндеп көре алмайды,
Жоқ болса, жомарттық қып бере алмайды.
Кәнеки, бермегенің сол емес пе,
Білмеген-білген тілін неге алмайды?

Толық

Мұң

  • 0
  • 0

Түсіпті кәріплікке (ғырыблікке) бұл басымыз
Тыйылмай ертеңді-кеш көз жасымыз.
Жалғызлық басқа түскен уақтысында
Көлеңке болып бізге жолдасымыз.

Толық

Қарап көріңіз