Әмен қазасына

Бұл бетте «Әмен қазасына» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3118
Қан түсті алпыс үште аяғыма,
Оқ тиіп түзде жүрген саяғыма.
Көп сойлеп ғақыл-естің жоқтығынан,
Кетіппін тағы түсіп баяғыма.
Келмеген қайдан білсін бастарына?!
Әркім өзі ұшырамақ тастарына.
Ағайын мен мұңымды бір аз ғана
Арғынның алаш білген жастарына.
"Бозінген, бозайғырдай"- түстік күйге,
Кете алмай бір кеткеннен, қайтып үйге.
"Атадан алтау болып туғанменен,
Бір жалғыздық бар!"-деген ұшырап күйге.
Толық боп көзге түсіп тұрған төлім,
Жұрт қолына алынған аққан сөлім.
Турашыл, түзушілдік сыбағасы-
Кесімді әуел ақыр нақақ өлім.
Жасымнан бұрылмаған бетім ыққа,
Ұл еді қарсы туған атқан оққа.
Құдайға көп ризамын (ырзамын) қат-қат шүкір,
Толық боп жарап кеткен құрбандыққа!
Құдайдың бір зор сыйы маған берген,
Толық қып бергендігін алаш көрген.
Жаманға ат айтқанмен жоқ сыбаға,
Мал арам: пышақ тимей, бітеу өлген.
Жазған соң жер қазылып, қойылуға,
Жем болған жаман-жәутік тойынуға.
Құдайға шүкір мұндай қылған семіз,
Жараған арық қашан сойылуға?!
Таңбасы ғарасатта қып-қызыл қан:
"Шаһит боп өткеніне-деп-бұған нан!"
Демейді: "Жаман өлім"- тіпті мұны,
Шаһитті кәрбаланы естіген жан.
Түскен жоқ олжа болып шабындыдан,
Жарамсақ, шықпайды өнер жағымдыдан.
Ұлт үшін жаннан кешіп, өлді шаһид,
Өлмей ме жаман да үйде қағындыдан?!
Өзімді, жыным бар ма өзім жойып?!
Отырмын Хақ ісіне мен ден қойып.
Жемісім ақыретлік толық болып,
Есірдім: ішпей мас боп, жемей тойып.
Құдайым бала берген махаббатлы,
Татымды жеміс қылып, бек ләззатты.
Сүйгенін: "Шұнағым!"-деп, у ішкізді,
Аузыма сүп-сүйкімді балдан тәтті.
Тәңір ісі бәрі оп-оңай, емес қиын,
Той болды естілгені - ұлы жиын.
Көтеріп ала алмадым, шамам жетіп,
Иемнің мейірмандық (мыһырбанлық) берген сый
Ешкімнен кем болған жоқ көріністе,
Жаманға өңі түгіл, жоқ қой түсте.
Кінәсыз жас жиының (хыбының) орнын берді,
Түсіріп жұрт көзіне отыз үште.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әмен қазасына өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Әмен қазасына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әмен қазасына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әмен қазасына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері