Өлең, жыр, ақындар

Мәскеудегі Пушкин ескерткіші алдында

  • 14.08.2018
  • 0
  • 0
  • 3778
Александр Сергеевич!
Мазалайын, сұрағыммен...
Ақындық аспанында құдайым ең.
Даусың жеткен кең-байтақ Ресейге,
Неге сен қарап тұрсың, уайыммен?!.
Озық ой, ұшқыр сезім, ақыл біткен.
Әлемді бағындырдың ақындықпен!
Өмірдің осы да бір қуанышы —
Ақынның айтар сөзін ақын күткен.
Білемін, бекер ғана кектенбейсің,
Сол күнде бізді ойлап өткендейсің.
Ал, бүгін планетама ортақ болдың,
Тек қана, Ресеймен шектелмейтін.
Маған пәк, жүрегінде тұнған қайғың,
Сүйсініп, қалай ғана нұрланбаймын?!
Жеткізсе Абай сені қазағыма,
Қос ақын қолтығында тұрғандаймын.
Жырың жүр,
Жылдан-жылға екпінденіп,
Пушкин болып, самғайды еркінденіп.
О, дана!
Дуэль сөз бе?
Жерде бар қас жауыңды өттің жеңіп.
Ұстазым!
Ұшқыр жырың қамшы болып,
Сен — мұхит,
Мен қосылдым тамшы болып.
Баяғы "тағы тунгус" қызының да,
Дән риза — қуанышын қалшы көріп!..
Александр Сергеевич!
Мазалайын, сұрағыммен...
Ақындық аспанында құдайым ең.
Даусың жеткен —
Кең байтақ Ресейге,
Неге сен қарап тұрсың уайыммен?!.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шың жүрегі

  • 0
  • 1

Күн маңдайын шың төсіне тіреді,
Ағыл-тегіл сыр шертті шың жүрегі.
Жентек-жентек қарды сайға лақтырып,
Епке көктем сақылдап кеп күледі.

Толық

Өзендердің — домбыра

  • 0
  • 0

Аяулы ел бұл далаға гүл өсірген,
Гүлжамалдай мақташы қыз өсірген.
Қайсар ел бұл қашан да қиындықпен,
Беті қайтып көрмеген күресуден.

Толық

Мен неге кеш ұқтым...

  • 0
  • 0

Барады бұлттарды кешіп күн,
Сәулесі жер бетін есіп мың.
Далада еркіндеп өсіппін,
Жыл озды мен біраз кешіктім.

Толық