Бекзатым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Бекзатым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.05.2019
  • 0
  • 0
  • 4036
Қара нар жүк көтермес бел кеткен соң,
Ен жайлау құлазиды ел кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Ойнаймын енді кіммен, сен кеткен соң.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.

Сыртымнан аулымның өттің, кеттің,
Үкісін тақияңның бермей кеттің.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Сол үкің азар болса жүз теңгелік,
Қалдырдың көңілімді мың теңгелік.
Жолыққанша
Аман бол, амал қанша.

Кекілін кескен кер атым-ай,
Титтейден өскен бекзатым-ай.
Жанымда бірге жүрген жайдарлым-ай,
Жаутаңдаған көзіңнен айналдым-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері