Өмір мен өлең – Марфуға Айтқожина

Бұл бетте «Өмір мен өлең» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 5643
Ей, өмір!
Саған қымбат өр қадамым,
Ақынмын, қанша міндет арқаладым...
Жырыма жүрегімді үзіп берем,
Тыңдасын,
Отан — ана, шартарабың.
Ей, өмір!
Саған қымбат әр қадамым,
Шабытшыл, ширақ үнмен жар саламын.
Жауаптымын жалғыз сөз салмағына,
Ойланармын, жеткенше әл-қадарым.
Ей, өмір!
Саған қымбат әр қадамым,
Мен-дағы бір перзентің, аңсағаның.
Жұмыр жер — тербетілген ақ бесігім,
Біледі, жүрек жүгі қанша барын.
Ей, өмір!
Саған қымбат әр қадамым,
Сырымды саған ғана сарқа аламын.
Туған ел, баурайында шалқып жүрмін,
Сүйген жар шын жүректен қалқаладың!..
Ей, өмір!
Қымбат маған әр қадамың,
Қанша ма сый өзіңнен арқаладым.
Кейде шаршап шалғайдан
Оралсам да, өзіңде өрши түсер —
Өр талабым.
Ей, өмір!
Қымбат маған әр қадамың,
Жалғыз сөзден жаныма нәр табамын.
Сен маған жарық бердің, жылу бердің,
Кейбір салқын жанардан тоңса жаным...
Ей, өмір!
Қымбат маған әр қадамың,
Көп еді күткенім де, аңсағаным!..
Кейде мен тұтқыны боп сағыныштың,
Дауысым қарлыққанша ән саламын.
Ей, өмір!
Қымбат маған әр қадамың,
Жүректі ащы ойлармен паршаладың.
Қарыздар болғаннан соң жас ғұмырға,
Шаршай тұра шаттандым, шаршамадым!..
Ей, өмір!
Қымбат маған әр қадамың,
Қуырып келдім саған жер танабын...
Жүректерді тербесем
Жақсы жырмен керегі не,
Басқадай мәртебенің!..
Ей, өмір!
Қымбат маған әр қадамың,
Арман не, тек өзіңмен жанса бағым.
Нәзік, сыршыл, шынайы төзімменен
Өзімше салып келем жол сонарын,
Жаныма саялатып таң самалын!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өмір мен өлең өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Өмір мен өлең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өмір мен өлең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өмір мен өлең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері