Жалғасады, таусылмайды көк белең

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.08.2018
  • 0
  • 0
  • 2149
Шарық ұратын күндерді ойлап кеше бір,
Шындықты іздеп,
Шыр айналды жас өмір...
Жамағаттың жайлауларын мекендеп,
Жас Лермонтов, қиял кешті неше жыл.
Қатыгез шың оған түсін жылытты,
Қайнарынан құйып ішті тұнықты.
Қайратынан құйып ішті тұнықты.
Қайыратын уды өлең тілімен,
Тәп өзіңдей ақынды аңсап жүріпті.
Дәмін шың оған түсін жылытты,
Суын ішіп "жат жердің",
Жалын жылды осылайша өткердің.
Қабағыңнан қайғыңды ұқты тау елі,
Өлең үшін туған сендей бапкердің.
Жамағат деп халық тегін қоймаған,
Өткен екен, онда не бір ойлы адам...
Тау тұрғыны әрқашан да биік қой,
Өрлігін де, ерлігін де жоймаған!..
"Өткен өмір, жәбірледі жанымды,
Аямады, ақындарын дарынды..."
Жендеттері жер қаптырды нар ұлды,
Нөсер етіп төктім ащы зарымды.
Аямадым ақындардан жерімді,
Жамбасына төседім мен төрімді.
Олар-дағы тек биіктен көрінді,
Төкпе жырлар жапырақтай өрілді...
"Құшағым кең, қолым ашық бұл шақта,
Құндақталды жасыл өлкем гүл шоққа", —
Деп, ақсақал, толғанысын айтады,
Дана сөзін жалғай түсіп ұрпаққа.
Құлпырады, құлшынады Жамағат,
Жамағатты елі жатыр жаңалап.
Ұлы ақындар қабіріне гүл қойып,
Кавказ жерін қайттық біз де аралап...
Жалғасады, жарысады көк белең,
Жолдарым да көп-ақ екен өтпеген.
Тау мінезін тағы да бір тәкәппар,
Көрсем екен деп келем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жалғасады, таусылмайды көк белең өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Жалғасады, таусылмайды көк белең өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жалғасады, таусылмайды көк белең өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жалғасады, таусылмайды көк белең өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері