Қаны бір бауырларымызға

Бұл бетте «Қаны бір бауырларымызға» атты Жамбыл Жабаев жазған махаббат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 21.08.2018
  • 0
  • 0
  • 7612
Қайнап бұлақ шықпаса,
Таудың тасы құлай ма;
Батыр батыр болмаса,
Болатпен белін қынай ма;
Ұл батыр боп тумаса,
Атқан оғы борай ма;
Ақылды боп туған ер
Өзгеден ақыл сұрай ма;
Көлден қулан су ішсе,
Көлдің міні құрай ма;
Сенген кезде астана,
Білмесе елді басқара,
Халқына ұл ұнай ма?
Жолын ақыл билейді
Жорыққа шыққан жолшының,
Ойын ақыл билейді
Өрен жүйрік ойшының,
Қыздырмаса думанды,
Несі тойшы тойшының;
Қасқыр жесе қойларын
Несі қойшы қойшының?
Дұрысты дұрыс демес пе,
Тап осындай емес пе,
Халықты тастап қанды оққа.
Қашқаннан соң жан-жаққа
Үкіметі Польшаның!
Күнбатыс жақ крайда
Украина, Белорус
Қаны қандас, ел ед дос;
Озбырлыққа шыдамай,
Іштері оттай жаныпты;
Жәрдем берер жан болмай,
Торға түскен торғайдай,
Оқ астында қалыпты;
Ер бастаған ел ед деп,
Аударып бізге назарын,
Құтқар деп қолқа салыпты.
Әрине, біз халық үшін,
Халықты сүйгіш салт үшін,
Майданда өсіп өрлеген,
Сталиннен үйренген;
Украина, Белорус
Қаны қандас ел ед дос,
Оны оқтан қорғауға
Аяймыз ба көмекті;
Біздің халық салтымен,
Отанға берген антымен,
Тұлпар мініп, ту алып,
Танкісі тауда шұбалып,
Польшаға аңдай аттанды
Найзасын ұстай желекті,
Украина, Белорус,
Тыныштатты даласын.
Алдына алып сүйді әне,
Туысқан елдің баласын,
Амандасты қол беріп,
Көріп кәрі анасын!
Қызыл ерді ел аңсаулы,
Құшақ жайып қарсы алды.
Қызыл тудың құлпырған
Көргеннен-ақ қарасын.
Қарсы алмай енді не қылсын,
Кезінде көмекке үлгірген,
Жәрдемге әскер жіберген,
Біздің елдің біледі
Сталин атты данасын!
Қызыл ердің жолында
Жау қамалы тапталған,
Жауынгер ердің бұрын да
Анты талай ақталған!
Украина, Белорус
Қаны қандас ел ед дос.
Сол елді оқтан сақтауға
Біздің ерлер аттанған.
Майданға түссе алқалы,
Кім ат басын тартады,
Халыққа берген антын ер
Тағы да ақтап қайтады
Жүрегінде сақталған!
Мақталар бұл жорықта
Ерлер ғой талай мақталған,
Даңқ десе даңқы зор,
Халық десе халқы зор,
Тобын бұзбай сапталған,
Сталин үшін, халық үшін,
Жеңімпаздық салт үшін,
Тыныштық сүйген ел үшін,
Украина, Белорус
Жайнаған гүлді жер үшін,
Айта берсем жерім көп!
Көңілім шалқып өскенмен
Жасарып қызыл әскермен,
Аузымда жыр, қолымда оқ,
Жырым — досқа; жауға — оқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаны бір бауырларымызға өлеңінің авторы кім?

Жамбыл Жабаев — осы өлеңнің авторы.

Қаны бір бауырларымызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаны бір бауырларымызға өлеңі не туралы?

Бұл шығарма махаббат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қаны бір бауырларымызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері